Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қалта ұрыларының саны екі есеге азайды

Қоғамдық көліктерге камера орнатудың арқасында Алматыда қалта ұрыларының саны екі есеге азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы халық алдында есеп берген Алматы полициясының басшысы Арыстанғани Заппаров мәлімдеді.

– Тіркелген қылмыстардың жартысына жуығы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысына жатады. Ұрлықтың кейбір негізгі түрлерін ашуды жақсартуға қол жеткіздік, атап айтқанда: пәтер ұрлығы 3,4%-ға, қалта ұрлығы 4,2%-ға, автокөлік салонынан ұрлық жасау 19,2%-ға, бүйір айна ұрлығы 3,4%-ға. Бұл ұрлыққа қарсы күрес бойынша құрылған арнайы топтардың нәтижесінде мүмкін болды. Айта кету керек, бұған қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде бейнекамералар орнату да әсер етті, – деді А.Заппаров.

ПД-ның мәліметінше, полицияның жедел бөлімшелері 638 ұрлық дерегін жасағаны үшін кінәлі деп танылған 391 ұрының, қоғамдық орындарда ұрлық жасаған 153 топтың 136 эпизод жасағаны дәлелденген, пәтер ұрлығын жасаумен айналысқан 33 қылмыстық топтың құлыпты бұзу және әйнекті сындыру арқылы автокөліктерден ұрлық жасаған 20 топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру