Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер шекарадан есірткі алып өтпек болған адамды ұстады

Сарыағаштық полицейлер қызметтік иттің көмегімен шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне ҚР ҰҚК Шекара қызметінен “Жібек жолы” бақылау бекетінде Өзбекстан Респубикасынан Қазақстанға есірткі затын алып өтпекші болған ер адамның анықталғаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына тез арада жедел уәкілдер жетті. Тексеру барысында Кольт атты қызметтік иттің белгі беруінің арқасында шетелдіктің киімінің қалтасынан сіріңке қорабына салынған есірткіге ұқсас зат табылды. Тәртіп сақшылары айғақты затқа сараптама тағайындады. Зерттеу қорытындысы бойынша ол гашиш есірткісі болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру