Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталған балалар көңілді тапқырлар клубы ойынына қатысты

Алматыда сотталған балалар көңілді тапқырлар клубы ойынына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/6 мекемесіндегі сотталған балалар арасында «Көңілді тапқырлар клубы» атты ойын өтті. Бұл көңілді ойынға жазалы жасөспірімдерден құралған «Жасstar» командасымен қатар М. Тынышбаев атындағы Алматы көлік, Алматы қаласының сән және дизайн, Алматы индустрия және қонақжай туризм, Алматы технология және флористика колледждерінің командалары қатысты.

«Жастар біздің болашағымыз!» деген тақырыпқа орайластырылған жарысқа «Алматы ақшам» газетінен журналист Нұржамал Әлішева, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасынан Шарайна Құмарова, Жетісу аудандық әкімдігінен Әсемгүл Батыргереева мен Мәдина Ташкараева, «Жас Отан» жастар қанатынан Бейбарыс Зарипов және «Реванш» қоғамдық қорынан Елена Билоконь қазылық етті.

Қызықты да тартысты жарыста бірінші орынды ЛА-155/6 мекемесінің «Жасstar» командасы иеленсе, екінші орынды М. Тынышбаев атындағы Алматы көлік колледжінің «Энержи» командасы алды. Үшінші орын Алматы қаласының индустрия және қонақжай туризм колледжінің «Китиг» командасына бұйырды.

«Көңілді тапқырлар клубы» жарысына қатысқан командалардың барлығына арнайы сыйлықтар беріліп, көңілді жарысты ұйымдастыруға ат салысқан колледж студенттері мен ұстаздарына мекеме бастығының атынан мақтау грамоталары табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру