Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер ұрланған Kia Rio автокөлігін бір тәулікте тапты

Шымкенттік полицейлер ұрланған автокөлікті бір тәулікте тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазанда Абай АПБ-ның “102” арнасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында үйінің алдында тұрған Kia Rio автокөлігін белгісіз тұлғалар ұрлап кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Абай АПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында бір тәулік ішінде автокөлікті тауып, иесіне қайтарды.

Тәртіп сақшылары автокөлікті ұрлап кеткен жергілікті жердің тұрғынын анықтап, басқармаға жеткізді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру