Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тергеу изоляторына поштамен келген телефон тәркіленді

Алматыда тергеу изоляторына пошта арқылы келген телефон тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жуырда Алматы қаласындағы тергеу изоляторында тыйым салынған заттарды өткізудің екі фактісі анықталды. Бұл жолы сотталғанға Қазпочта арқылы келген электр шәйнегінің түбіне жасырылған ұялы телефон табылды. Қазір тыйым салынған затты поштамен жіберген 33 жастағы күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, сотталғанға жіберілген есірткі ұнтағы ЛА-155/18 мекемесінің жедел бөлімінің ақпараты бойынша тәркіленді. Тергеу изоляторының сәлемдемелерді қабылдау-тарату бөлмесінде қолға түскен адам “сәлемдемесін” аяқ киімнің ұлтанына жасырыпты.

Аталған факт бойынша Алматы қаласы Түрксіб ауданы Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылып, заңсыз әрекет ПД-нің ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру