Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тонау қылмысына қатысы бар ер адам ұсталды

Алматы полициясы көше тонаушысын ұстады. Ол жалғызбасты адамдарға шабуыл жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 32 жастағы А.есімді азамат ұсталды. Ол қылмысты Алматы қаласының Әуезов ауданында жасаған.

– Күдікті ұсталды және ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген. Тергеу барысында қаскөйдің заңсыз баю мақсатында өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, телефоны мен ақшасын тартып алғаны анықталды. Күдікті өз қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта оның жеке басы Алматы қаласында осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. Біз оның әрекетінің сериялық сипатын жоққа шығармаймыз, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру