Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда түнгі клубтың барменінен есірткі табылды

Алматыда түнгі клубтың барменінен есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасағының көмегімен арнайы іс-шараны жүргізді.

Қалалық мекемелердің бірінде бармен болып жұмыс істейтін 28 жастағы Д.есімді азамат ұсталды.

– Жедел мәліметтерге сәйкес, күдікті өз жұмыс орнында есірткі сатумен айналысқан. Оның қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталған: қамауға алынар алдында ол “клиентке” синтетикалық есірткінің дозасын сатқан. Ұстау барысында күдіктіден ақ түсті, ерекше иісті, ұнтақты заты бар байлам табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық ПБ-да ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Есірткі сатушы қамауға алынды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру