Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген жігіт ұсталды

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті небәрі 18 жаста. Ол Ақтөбеден.

– Жап-жас болғанына қарамастан Х.есімді азамат “кәсіпкер”. Ол интернет арқылы адамдарды алдаған. Ал тізбек былай болды: жөндеуі жақсы, бағасы арзан пәтерді жалға беру туралы сайтқа хабарландырулар орналастырды. Қызығушылық танытқандарға жас жігіт банк картасының деректемелерін жіберіп, алдын ала төлем төлеуді сұрады. Біздің мәлімет бойынша, күдіктінің қылмыстық қулығына кем дегенде 5 адам түскен, олар алаяқтық туралы полицияға ресми түрде арызданғандар. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде оның қылмыс жасау кезінде пайдаланған байланыс операторларының 45 SIM-картасы тәркіленді, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оның жеке басын басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр. Тәртіп сақшылары күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұрайды: 8-705-555-77-69; 8-775-747-77-78; 8-778-481-19-00; 8-708-707-92-02.

Сонымен қатар Алматы қаласының прокуратурасы интернет-алаяқтардың белсендігі туралы азаматтардың есіне салып, мүлікті қорғау шараларын барынша қолдануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру