Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда балалар арасында сурет байқауы өтті

Алматыда балалар арасында сурет байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында алматылық полицейлер “Бақытты отбасы – Бақытты мемлекет” тақырыбында суреттер мен шығармалар байқауын өткізді.

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” кең ауқымды профилактикалық науқаны аясында әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі өкілдерінің ұйымдастыруымен №128 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары үшін нағыз мереке болып өтті.

Мақсат – отбасының қоғамдағы рөлін күшейтіп, ана мен баланы қорғау. Бұл байқауға аталмыш білім ордасының 5-7 сынып оқушылары қатыса алды.

– Қазылар алқасының құрамында тек полиция қызметкерлері ғана емес, мұғалімдер мен психологтар да болды. Біз балалардың барлық шығармашылық жұмыстарын ұжымдық түрде зерттедік, олар суреттер арқылы өздерінің көзқарастары мен отбасыларына деген құрметтерін жеткізді. Бірде-бір сурет назардан тыс қалмағанын, олардың барлығын комиссия, әртүрлі номинациялар бойынша марапаттағанын және олардың авторларына салтанатты жағдайда лайықты грамоталар мен сыйлықтар тапсырылғанын атап өтемін. Ең бастысы – осындай байқаулар мен жарыстардың көмегімен балалар белсенді қоғамдық өмірге тартылып, өздерінің өмірдегі алдағы жеңістеріне ынталандырылды. Барлық мектептердің педагогикалық ұжымы біздің жаңашылдықтарымызға ықыласпен қолдау көрсетіп жатқаны қуантады, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ақбота Әбілқасымова.

“Суреттер” номинациясы бойынша келесі жас суретшілердің жұмыстары үздік деп танылды:

1.Төлеутай Темірлан – 5 “В” сыныбы;

2. Рысбай Мөлдір – 6 “А” сыныбы;

3. Уразбаева Камилла – 6 “Ә” сыныбы;

4. Әбділдаева Карина – 6 “Б” сыныбы;

5. Рысбай Әлинұр – 7 “Ә” сыныбы;

6. Әнуарбек Ерасыл – 7 “Ә” сыныбы;

7. Төлеутай Ақбота – 7 “Б” сыныбы.

“Шығарма” номинациясы бойынша келесі оқушылардың жұмыстары үздік деп танылды:

1. Әлиханқызы Балауса – 6 “А” сыныбы;

2. Сексенбай Кәусар – 6 “Б” сыныбы;

3. Аманбай Кәусар – 6 “В” сыныбы;

4.Прәлі Айзере – 7 “Б” сыныбы;

5. Хусайынова Айшолпан – 7 “В” сыныбы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру