Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жыл басынан бері жол ережесін бұзғаны үшін 650 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды

Алматыда жыл басынан бері жол ережесін бұзғаны үшін 650 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының деңгейіне әсер ететін негізгі тетік – бұл жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау.

– Сонымен, 2020 жылдың сегіз айында ҚР жол ережелерін бұзғаны үшін 654 мың 378 жол пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мөлшері 4 миллиард 364 миллион 330 мың теңгені құрайды. Ағымдағы кезеңде 8 мың 534 әкімшілік іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. 1 мың 267 жүргізуші куәлігінен айырылды, 816 адам әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру