Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы сауда үйін тонауға қатысқан күдікті БҚО-да ұсталды

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезіндегі тонауға қатысы бар күдікті Батыс Қазақстан облысында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның көлігін тінту кезінде полицейлер 23 ұялы телефонды тапты.

Ресейлік есепте тұрған ВАЗ-2110 автокөлігі рейд кезінде тоқтатылды. Полицейлерде болған жедел ақпарат бойынша, 5 қаңтарда Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде осы көліктің жүргізушісі «Мәскеу» сауда үйін тонауға қатысқан. Ол 31 ұялы телефонды, 3 ноутбукты және 3 планшетті ашық түрде ұрлаған.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру