Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық асыл тұқымды бұзауды Ресейден әкеліп беремін деп, тұрғынды алдап кетті

Алматы облысында Ресейден арзан бағаға асыл тұқымды бұзау сатып әкеліп беремін деген алаяқтың ісі әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы ПБ кезекші бөліміне 23 жастағы Бірлік ауылының тұрғыны жүгініп, сенімге кіріп Ресей Федерациясынан арзан бағаға бұзау сатып әкеліп беремін деп, алаяқтық жолмен ақша алып, бой тасалаған азаматқа қатысты заңды шара қолдануды сұраған. Сонымен қатар, азамат аталған қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан 820 мың теңге көлеміндегі материалдық шығын келгенін атап көрсеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Талғар қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде күдіктінің жәбірленушімен бірге жұмыс істеп жүріп, онымен жақын қарым-қатынаста болғаны анықталды. Және ол жәбірленушінің сеніміне кіріп, РФ Оренбург қаласында арзан бағада асыл тұқымды бұзаулар сатылатынын айтып, оны құрыққа түсіргені белгілі болды.

Күдікті алаяқтық дерегін мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру