Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында браконьерлер жауапкершіліктен жалтармақ болды

Жамбыл облысында браконьерлер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінен бастап Жамбыл облысында балық кәсіпшілігі су айдындарында (учаскелерінде) және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда балық аулауға тыйым салатын «Уылдырық-2021» жедел- алдын алу іс- шарасы басталды.

Мәселен, 18 сәуірде тәртіп сақшылары Қордай ауданы Бетқайнар ауылының оңтүстік шетінде су ағатын каналда балық аулаған екі белгісіз адамды тәртіп сақшылары байқаған.
Жақындап келе жатқан полицейлерді байқаған ер адамдар қармақтарын суға лақтырып, елдімекенді бетке алып жүзіп кеткен. Құқық бұзушыларды қудалаған полиция қызметкерлері оларға дауыстап, заңды жауапкершілік туралы қатаң ескерткен.

Ұсталған балықшылар полицияның заңды талаптарына бағынудан бас тартып, қарсылық танытып, қашқан.

Сол күні тәртіп бұзушылар анықталды, олар Қордай ауданы Бетқайнар ауылының 24 және 45 жастағы жұмыс істемейтін тұрғындары болып шықты. Ұсталғандар кінәсін мойындады.

Ұсталғандардың екеуіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабы 3-бөлігі (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын өрескел бұзу) және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы 1-бөлігі (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс материалдары процессуальдық шешім қабылдау үшін Қордай аудандық сотына жіберіледі.

Айта кетерлігі, «Уылдырық-2021» жедел-алдын алу шарасы Жамбыл облысының аумағында 2021 жылдың 30 мамырына дейін жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру