Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер айыппұл төлеуден жалтарған шетелде тіркелген бес көлікті арнайы тұраққа орналастырды

Алматы полицейлері шетелде тіркелген көліктер айыппұлдарын төлеуден жалтаратынын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске салайық, осы күндері Алматыда “Борышкер” республикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Тәртіп бұзушылардың көліктері мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылады.

Жақында ауданымыздың аумағында бес көлік ұсталды. Бұл көліктердің иелерінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін ірі көлемдегі айыппұлдары бар және оларды төлеуді жоспарламаған көрінеді. Қарыз толық өтелгенше көліктер арнайы тұраққа орналастырылды. Осылайша, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаты, жасалған бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы және салынған әкімшілік айыппұлдарды өндірудің тиімділігін арттыру қамтамасыз етілді, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Полицияда іс-шараға МКД-нің қызметкерлері мен өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының сот орындаушылары тартылғанын еске салды.

Автокөліктер қарқынды жүретін орындарға патрульдік полицияның көліктері жұмылдырылды.

“Қорғау – Қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері де кеңінен қолданылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру