Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер жалғызбасты анаға қамқорлық танытты

Алматы қаласының полицейлері үш кішкентай баласы бар жалғызбасты анаға қамқорлық көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтірмеуін бақылау мақсатында қаланың барлық аудандарындағы кәмелетке толмағандарға арналған ювеналды полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау үшін әлеуметтік желілерді үнемі қадағалап отырады.

«Біздің бөлімнің ювеналды полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында көмекке мұқтаж отбасыны анықтады. Үш баласы бар келіншек әлі бір жасқа толмаған сәбиімен көшеде қайыр сұрап жүрген. Қайырымды азаматтар осы отбасыға көмектесу үшін олардың жағдайы туралы әлеуметтік желіге хабарлама салған. Біз де шет қалмадық. Мүмкіндігінше, біз  азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттармен көмектесеміз. Вера Александровнаның балалары әлі кішкентай. Емізулі баласы болуына байланысты ол уақытша жұмыс істей алмайды. Айтпақшы, жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында біздің қызметкерлер алғашқылардың бірі болып, осы отбасыға келіп, балаларды кеңсе тауарларымен, сонымен қатар оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Бұл отбасы бізге Алматы облысының Іле ауданынан көшіп келген. Біз әйелдің балаларын №49 орта мектепке орналастырып,  балалардың туу туралы куәліктерін қалпына келтіруге көмектестік», – деді Түрксіб ауданы Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру