Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық қоғамдық көліктерде ер адам бірқатар қалта ұрлығымен айналысқан

Алматылық қоғамдық көліктерде ер адам бірқатар қалта ұрлығымен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полицейлері қоғамдық көліктерде қалта ұрлығымен айналысқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын 44 жастағы ұстады.

– Бірнеше күннің ішінде ер адам қалалық қоғамдық көліктерде бөтеннің мүлкін 5 рет ұрлаған. Күдікті қала орталығында, Сейфуллин – Мақатаев – Байтұрсынов – Гоголь көшелерінің квадратында “жүрген”. Ол таңертеңгі және кешкі “қарбалас уақытта” жолаушылардың қалтасын “тексеріп”, ұялы телефондарды тез және байқатпай суырып алып отырған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Тергеудің қазіргі кезеңінде ұсталған азаматтың қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру