Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау тұрғындары бір ай ішінде 8 мыңға жуық ЖҚЕ бұзды

Маңғыстауда қаңтар айында көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланған 783 жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полицейлер жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында қала мен аудандардың, шағын аудандар мен көшелердің аумағын тәулік бойы патрульдейді.

Жаңа жылдың басынан бір ай ішінде барлығы 7885 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша 1567 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша 783 хаттама жасақталды.

Сонымен қатар мас күйінде көлік жүргізу қылмыс екенін біле тұра, қаңтар айында 57 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарған.

Бір айда жолды тыйым салынған жермен кесіп өткен 503 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Сондай-ақ, 74 жүргізуші жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына жол бермегені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру