Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар

Шаһар әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын орындау мақсатында “Алматы жастары 3.0” тұрғын үй бағдарламасы аясында 300-ге жуық пәтер жас полицейлерге төмен пайызбен беріледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жеңілдетілген бұл несиелендірудің ерекшелігі – бастапқы төлем 10%-ды, несиенің максималды сомасы 18 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды. Сонымен қатар, жылдық пайыздық үстеме – 5%. 25 жылға беріледі. Бұл жобаға 35 жасқа дейінгі, тек әлеуметтік жағынан осал қызметкерлер ғана емес, барлық қызметкерлердің қатыса алатындығын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта барлық шарттар мен талаптар Алматы полицейлерінің назарына ұсынылды, сонымен қатар қызығушылық танытқан барлық қызметкерлер ақпаратпен www.almaty-zhastary.kz сайтында таныса алады. Жеке баспана алудың мұндай мүмкіндігі жас полицейлер үшін қызметтік міндеттерін орындау үшін тамаша генератор екені сөзсіз, – деді Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру