Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық тұрғын анасына көмектескен тараздық полицейлерге алғысын білдірді

Алматылық тұрғын анасына көмектескен тараздық полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасына Алматы тұрғынынан алғыс хат түсті.

Қыздың айтуынша, 6 қарашадан 7 қарашаға қараған түні анасымен бірге Тараздан Алматыға бара жатқан жолда анасының жүрегі қысылып қалған.

Сол сәтте ол патрульдік көлікті байқап, көмек сұрайды. Полиция қызметкерлері оларды дереу ауруханаға жеткізуге комектесiп, ауыр жағдайдың алдын алу үшін жол бойында жедел жәрдем шақырады.

– Патрульдік инспекторлар Нұрғали Жалжанов пен Азат Әбдінасим анама қажетті алғашқы көмек көрсетті. Оны көтеріп, жедел жәрдем көлігіне апарды, содан кейін ауруханаға зембілмен алып келді. Полицейлердің жәрдемдесуiнiң арқасында анамның жағдайы тез қалыпқа келдi. Оларға көп рақмет, – деп алғысын бiлдiредi алматылық тұрғын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру