Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық жүргізуші қызылордалық тәртіп сақшыларына алғысын білдірді

Алматылық жүргізуші тәртіп сақшыларына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 ақпан күні Алматы қаласынан Ресей Федерациясына жол тартқан “DAF” маркалы жүк автокөлігі “Шымкент-Самара” тас жолының 1710 шақырымында бұзылып, жол жиегіне шығып қалған. Осы аумақты патрульдеп жүрген Қызылорда облысының ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Бақытжан Ағыбаев пен Берік Әжiбеков жүргізушіге көлікті жолға шығаруға көмектесіп, жүргізуші көлігімен әрі қарай жүрісін жалғастырған.

Осы орайда Алматы облысының тұрғыны болып табылатын жүргізуші әлеуметтік желілер арқылы патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне жолда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқарып, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге әрдайым қажетті көмек көрсетуге дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру