Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғыны интернет-алаяқтығы үшін тұтылды

Өскемен қаласы тұрғынының интернеттің көмегімен 13 атыраулық азаматтың қаражатын жымқырғаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Anti-fraud” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Атырау қаласының тұрғындарына “Яндекс такси” қосымшасы арқылы азық-түлік жеткіземін деген уәде беріп, алаяқтық жолмен олардың ақшаларын иемденген.

Қазіргі уақытта күдіктінің интернет-алаяқтықтың 13 эпизодына қатысы бар екендігі дәлелденді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру