Алматылықтан 115 бума мефедрон тәркіленді
Алматылықтан 115 бума мефедрон тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі.
Kia көлігін Буран-044 экипажы Алмалы ауданы аумағында тоқтатты.
Есірткіні заңсыз сақтады және таратты деген күдікпен 1989 жылы туған С.есімді азамат ұсталды. Жеке тінту кезінде мыналар табылды және тәркіленді:
– жүргізуші есігінің қаптамасында қара изолентамен оралған 4 байлам;
– жүргізуші жағындағы поликте қара изолентамен оралған 9 байлам;
– жолаушы жағындағы бардачокта қара изолентамен оралған 30 байлам;
– жүксалғышта, целофан пакеттерде, ақ изолентамен оралған 27 байлам; көк изолентамен оралған 10 байлам; қара изолентамен оралған 35 байлам.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері түрлі-түсті изолента мен 100 ZIP қалтасын тәркіледі.
Ұсталған адам бетбелгі қойған орындардың барлығын көрсетті.
Белгілі болғандай, С.есімді азамат бірнеше ай бойы синтетикалық мефедрон есірткісін заңсыз таратумен айналысқан.
Есірткіні байланыссыз, интернет қосымша арқылы алып отырған. Есірткінің бір бетбелгісі үшін күдікті 3 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған.