Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған мас ақмолалық тағы да көлікке отырған

Көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған ақмолалық тағы да мас күйінде көлікке отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қыркүйекте сағат 00:10-да “Астана-Петропавл” автожолының 309 шақырымында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығының 27 жастағы тұрғынының басқаруымен Mercedes автокөлігін тоқтатты. Жүргізушімен әңгімелескен “Тұлпар 11” экипажының қызметкерлері жүргізушіден шыққан алкогольдің иісін сезді. Ол көлік құралын басқарудан шеттетілді.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес Көкшетау қаласының 27 жастағы тұрғыны “орта дәрежелі” мас күйінде болған.

Деректер базасы бойынша тексеру кезінде бұл азаматтың бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылғаны, ал 2021 жылы көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі “Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру