Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының көпқабатты үйлерінің бірінде ер адам “синтетикамен” ұсталды

Алматының көпқабатты үйлерінің бірінде ер адам “синтетикамен” ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күндіз “Алмагүл” ықшамауданында психотроптық заттарды байланыссыз түрде сататын, яғни оларды “қойып кету” арқылы тарататын, жеңіл ақша табуды ойлаған 27 жастағы ер адам ұсталды.

 – Жергілікті тұрғындардың қырағылығы қылмысқа дер кезінде әрекет етуге көмектесті. Олар күдікті жігітті байқап, бұл туралы учаскелік инспекторға хабарлады, ол бірден көрсетілген мекенжайға келіп, оны ұстады. Жеке тексеру кезінде күдіктіден изолентамен оралған 33 бума тәркіленді, кіре берістен тағы екеуі табылды. Алдын ала болжам бойынша, оның ішінде синтетикалық есірткі болған. Бұл факті ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Есірткі тарату каналын білу және “жұмыс беруші” деп аталатын тұлғаның жеке басын анықтау бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде”, – деді Бостандық аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Батур Абдумасаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру