Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта жеке кәсіпкердің автокөлігін айдап әкеткен күдікті ұсталды

Балқашта жеке кәсіпкердің автокөлігін айдап әкеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қыркүйек күні Балқаш қалалық полиция бөліміне жеке кәсіпкерлікпен айналысатын 42 жастағы қала тұрғыны арызданып, белгісіз біреу қаладағы дүкендердің бірінің тұрағына қойылған автокөлігін айдап әкеткені туралы хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 4 миллион 500 мың теңгені құраған.

Жедел-тергеу тобы қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 53 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұрланған көлік тәркіленіп иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, терегеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру