Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының патрульдік полициясы үй шатырынан шыққан өртті сөндіруге көмектесті

Алматының патрульдік полициясы үй шатырынан шыққан өртті сөндіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түрксіб ауданында тәртіпті қамтамасыз етумен айналысатын “Буран-314” патрульдік экипажы Вильямс көшесіндегі үйдің шатырының астынан түтін шығып жатқанын байқаған. Радиостанция арқылы өрт туралы дабылды жедел кезекшіге жеткізіп, патрульдік қызметкерлер Н.Манас пен Н.Құлман көмекке ұмтылды. Олар үйде адамдар болуы мүмкін деп ойлады.

– Тәртіп сақшылары қолда бар құралдармен өртті өздері өшірмек болған. Полиция қызметкерлері өрт сөндіру техникасының үйге кедергісіз кіруін қамтамасыз ету үшін көліктерді басқа жаққа бұра бастады. Нәтижесінде “101” қызметі өртті оқшаулады. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, – дейді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру