Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының шетінде оқ-дәрі мен “Молотов коктейлі” жасырылған орын табылды

Алматының шетінде оқ-дәрі мен “Молотов коктейлі” жасырылған орын табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Табылған затқа “Дархан” ықшамауданының тұрғыны тап болған, ол бірден дабыл қаққан.

– 102 пультіне хабар берген азаматтың айтуынша, ол туннельден оқ-дәрі салынған пакет тауып алған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру нәтижесінде гранаталар, 5,45 мм калибрлі патрондар, 9 мм калибрлі патрондар, 2,3 калибрлі патрондар, саны бойынша противогаз, револьвер, сонымен қатар, “Молотов коктейлін” тәркіледі. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Қару мен оқ-дәрiлердiң көрсетiлген жерде пайда болу мән-жайлары жедел іс-шаралар барысында анықталатын болады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Абырой болғанда, өмірге қауіп төндіретін заттар салынған пакетті балалар тауып алмады, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру