Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғындарын аулаларға заңсыз қойылған көліктер алаңдатуда

Петропавл тұрғындарын аулаларға заңсыз қойылған көліктер алаңдатуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адамдардың учаскелік полиция инспекторларына жиі жүгінетін мәселелері – тыныштықты бұзу, көліктерін аулаға қойып кету, ауладағы тазалық тағысын тағы… СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың төрағалығымен ПИК төрағаларының қатысуымен өткен бейнеконференцияда полицейлер қалалықтарды мазалайтын осы сияқты өзекті мәселелерді қозғады.

Көктем мезгілі жақындаған сайын қоқыстарды уақтылы шығару, аулаларды, шатырларды қардан тазарту сияқты мәселелер өзекті болуда. Сол себепті ПИК төрағалары тарапынан ұдайы бақылау қажет. Полицейлер қоқыстарды уақтылы шығармау фактілерін анықтау жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылы міндеттерін орындамағаны үшін төрт мердігер ұйымның басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, кездесу барысында Петропавл қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин ПИК төрағаларынан түнгі уақытта тыныштықты бұзатын тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалардың шоғырлануы, жалға берілетін пәтерлер туралы полицияға хабарлауын сұрады. Аулаларға автокөліктер қою мәселесі де көтерілді. Жүргізушілердің жаяу жүргіншілердің, көліктердің өтуіне кедергі келтіріп, автомашиналарын подъезге тақап қоюынан дау-жанжал туындап жатады. Полицейлер ҚР Жол қозғалысы ережесінің 12-тармағын бұзғаны үшін 10 АЕК дейін айыппұл салынатынын ескертеді. Көбін автокөлік қоятын орнын өз бетінше қоршап қоятындар алаңдатады, наразылықтарын әлеуметтік желілерде білдіріп жатады. Көлік қоятын орындарды белгілеу мәселесі тұрғындардың жалпы жиналысында шешіледі, қатысушылар саны 50%-дан кем болмаған жағдайда.

Аталған ережелерді сақтамау тұрғындардың наразылығын тудырады. Аумақты өз бетінше қоршап қою – абаттандыру ережесін бұзу болып табылатынын еске саламыз.

– Сервистік полиция – қоғам қауіпсіздігі моделінің элементі, оның негізінде құқық қорғау органдарының халықпен тұрақты серіктестік қарым-қатынасы жатыр. Мұндағы негізгі роль ПИК төрағаларынікі. Бірлескен жұмыс атаулы көмек болуы және нақты мұқтаж азаматқа жетуі тиіс, полицияның қоғаммен диалогын дамытуға септігін тигізуі қажет, – деп атап кетті Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру