Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының тұрғын алабында ұрлық жасап жүрген күдіктілер анықталды

Алматының тұрғын алабында ұрлық жасап жүрген күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, 31 жастағы К.есімді азамат және оның сыбайласы 37 жастағы Б.есімді азамат қаланың Алатау ауданында ұрлық жасап жүрген. Олар жаңа ықшамаудандардағы көпқабатты үйлердің кіреберістеріне кіріп, жеделсатымен соңғы қабатқа көтерілді, сол жерден баспалдақпен төмен түсті: екі доңғалақты көлік құралын тапқаннан кейін оны көтеріп алып кетіп жүрді. Содан кейін велосипедті арзан бағада сатты.

– Құрылған жедел-тергеу тобы 9 ұрлықтың бетін ашты. Айғақты зат ретінде алты велосипед тәркіленді. Қазіргі уақытта үш велосипед өз иелеріне қайтарылды. Күдіктілердің осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстары жүргізілуде, – деді Алатау аудандық ПБ қарасты полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Барлық эпизодтар бір өндіріске біріктірілді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тергелуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру