Алты жылдық тәжірибе: Атыраулық жедел уәкіл үздіктер қатарынан көрінді
Жедел уәкіл қызметі қырағылықты, шапшаң шешім қабылдауды және жоғары жауапкершілікті талап етеді. Кез келген жағдайда кәсіби білім мен тәжірибені ұштастырып, жедел әрі нақты әрекет ету – бұл қызметтің басты ерекшеліктерінің бірі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Осындай жауапты қызметті Атырау қаласы полиция басқармасы №2 қалалық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Нұрболат Сағындықов алты жылдан бері абыроймен атқарып келеді.
Қызметіне жауапкершілікпен қарайтын тәртіп сақшысы кәсіби білімі мен тәжірибесін үнемі жетілдіріп отырады. Қызметтен тыс уақытта спортпен тұрақты айналысып, физикалық дайындығын шыңдауға да ерекше мән береді.
Нұрболат Сағындықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде өткен "Үздік жедел уәкіл" байқауына қатысып, кәсіби білімі мен жедел қызметтегі шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан көрінді.
