Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Анаңа көз тиген”: Екібастұзда “емші” жасөспірімнің алтын сырғасын алдап алған

Екібастұзда “емші” жасөспірімнің алтын сырғасын алдап алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы ПБ-на 39 жастағы қала тұрғыны жүгінді, ол 15 жастағы қызының көшеде алтын сырғасын ұрлап кеткенін хабарлады. Полиция қызметкерлері қаладағы сауда үйлерінің бірінде оқушы қыз өзін “экстрасенс” деп таныстырған әйелді кездестіргенін анықтады.

Бейтаныс әйел қыздан далаға шығуды өтінді. Содан соң ол қыздың анасына көз тигенін айтқан. Осыдан кейін алаяқ жасөспірімнің анасының басындағы қарғыстан құтылу үшін алтын бұйымдар қажет екенін айтып, оған көмектесетініне сендірді. Қыз келісіп, құлағындағы сырғасын шешіп, сығанға береді. “Сиқырлы” рәсім жасаған әйел жасөспірімге үйіне қайтуды бұйырды. Ал 80 мың теңгенің алтын сырғасы “емшінің” олжасына айналды.

Қазірге таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері осыған ұқсас қылмыстарға бұрын тартылған Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын іздестіруге және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру