Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Антына адал сақшы

23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы Отанына адал қызмет етіп, ел қорғаны болған полицейлер туралы жарияламақ.

Осы бір қызығынан гөрі қиындығы басым мамандықты таңдап,батылдылық пен табандылықты бойына сіңірген, адалдық пен әділеттілікті ту етіп ұстаған жанның бірі –Қарағанды қаласының ПБ Теміржол ПБ Кезекші бөлімінің полиция старшинасы Ғабит Мирзоянұлы Тилеубеков.
Өмірінің 13 жылын осы салаға арнап келе жатқан аптал азаматтардың бірі Ғабит Мирзоянұлы 1979 жылы 26 қаңтарда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Жидебай аулында көп балалы отбасында дүниеге келген. Анасы Тойған апай отағасынан ерте айырылып ұлдарының ішіндегі қанаты қатаймай ерте үй шаруасына араласып, анасына үлкен үлес қосты. Ғабит Мирзоянұлы 1986-1996 жылдар аралығында мектепті аяқтайды.Ал Отан алдындағы борышын Ғабит Мирзоянұлы Алматы қаласында 1997-1999 жылдар әскери міндетін адал атқарды. Содан 1998 жылы әскерден келген бетте туған жерінде бірнеше жыл ауыл шаруашылықпен айналысады.
Ішкі істер органына 2007 жылы жұмысқа орналасты. Еңбек жолын 2007 жылы жол патрульдік инспекторы болып бастады. Ол жерде 2007-2011 жылдар аралығында қызмет атқарды.Бүгінгі күні Ғабит Мирзоянұлы Қарағанды қаласының ПБ Теміржол ПБ Кезекші бөлімінің жедел кезекшісінің көмекшісі. Әріптестерінің арасында Ғабит Мирзоянұлының дәрежесі өтте жоғары.Әрдайым ақыл кеңесін айтып жас қызметкерлерге қол ұшын беруге дайын. Ғабит Мирзоянұлы ұқыптылық пен тәртіпті бағалайды және қасындағы әріптестерден соны талап етеді.Бүгінгі күні отбасында жұбайы Мадинамен екі бала тәрбиелеп отыр.
Еліміздің аман, жұртымыздың тыныш болуына адал еңбегімен атсалысып жүрген құқық қорғаушылардың еңбектерінің жемісті болуына шын жүректен тілектеспіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру