Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақбөкеннің мүйізі табылған тұрғынға тергеу жүргізілуде

Қызылордалық полицейлермен «Браконьер» жедел-профилактикалық
іс-шарасы негізінде тұрғыннан 4 дана ақбөкен мүйізі табылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың ақпан айының 10 мен 17 күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қазалы ауданында тұрғыны
4 дана ақбөкен жануарының мүйізі анықталды. Аталған дерек бойынша
Қылмыстық кодекстің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Арал ауданында тұрғын 15 ақпанында көше бойында тоқтатылып қолындағы күмән тудырған полиэтелен пакеттінде 4 дана киік мүйізі анықталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру