Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтер тонаушы 5 жылға сотталды

Қызылордалық полицейлер заңсыз кіріп, ашықтан-ашық пәтер тонаушысын ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
2019 жылдың қазан айында түскі уақытта бетіне дәрігерлік маска киген
белгісіз адам облыс тұрғынының үйіне заңсыз кiріп, ақшалары мен зергерлік
бұйымдарын ашықтан-ашық тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 209 000 теңгені құрайды.
Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын сотты болған облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны, құрықталып, кінәсін толығымен мойындады. Оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 191- бабымен (Тонау) сараланып, айыптау актісімен сотқа жолданды.
Соттың үкімі негізінде айыпталушыға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен
белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру