Ақмола колониясының сотталғандары көкөніс пен жидектерді жинауда
Ақмола колониясының сотталғандары көкөніс пен жидектерді жинап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЕЦ-166/4 мекемесінің сотталғандары бақшаларында баялды мен кәді, қызанақ пен қияр, хош иісті құлпынай және үрме бұршақ, жүгері және басқа да көкөністерді өсіреді. Әуесқой бағбандар айналаны көгалдандыру туралы да ұмытпады.
– Мен өзім жергілікті тұрғынмын, бұрын жақын жерде тұрдым, сотталғанға дейін мен түрлі дақылдарды өсірдім. Жақсы өнім алу үшін жермен жұмыс істеуді білу керек, оны күтіп ұстау керек, – деп бөлісті сотталғандардың бірі.
Сотталғандар жыл сайын бау-бақша егеді. Асхананың үстелі жаз бойы көкөніске мол, олардан әртүрлі тағамдар дайындайды.
– Бақшада жұмыс істеу өте қызықты. Мұңды ойлардан алшақтатады, жаныңмен демаласың, ойың үйге, отбасыңа жақындай түседі, – деді сотталған.