Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-да ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-да ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Салтанатты іс-шараны Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы Қайрат Айдарбеков ашты. Дәстүр бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері шақырылады.
Конституцияда жарияланған құндылықтарды сақтаумен қатар, Ішкі істер органдарының басымдықтары азаматтардың жоғары сенім деңгейін қамтамасыз ету, қоғаммен, үкіметтік емес сектормен және БАҚ-мен өзара іс-қимыл жасау.
Бұл күні 50-ден астам қызметкер ІІМ, ҚАЖК грамоталарымен, медальдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. «Әділет подполковнигі» аға басшы атағына Абзал Дуанбаев, Шнар Нурмуканова ие болды. «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісі Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлеріне табыс етілді.