Ақмола облысынан барлық бағыттағы жолдар жабық
Ақмола облысы полиция департаментінің патрулдік батальон қызметкерлері 500-ден астам автокөліктен құралған көліктер тізбегін елордаға дейін және кері бағытта алып жүрді. Ауа-райының күрделі жағдайына: қар және боранның салдарынан патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс авто жолдарындағы жағдай көлік тізгіндеушілер үшін де, полиция қызметкерлері үшін де күрделі.Өңір полициясы жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында қауіпсіз және қажетті шаралар қолдануда.
Барлық бағыттағы жолдар жабылды деген ескертулер мен смс хабарламаларға қарамастан автоәуесқойлар ұзақ жолға шығып, қар құрсауында қалып жатыр.26 қаңтарда патрулдік полиция батальонының бірнеше экипажы мен қар жинайтын техника құралдары «Нұр-Сұлтан-Петропавл» авто жолында 250 автомашинадан тұратын колонналарды және 300-ге жуық автомашиналарды алып жүруді қамтамасыз етті. Полиция қызметкерлерінің қауіпсіз,белсенді іс-әрекетінің арқасында көлік құралдары Көкшетау қаласына дейін аман жетті.
Сонымен қатар, түстен кейін сағат 5 шамасында, Макинск қаласы маңындағы автожол учаскесінде, полиция қызметкерлерімен бірге жүрген 290 автомашина колонна құрамында келе жатқан жүргізушілердің бірі көлікті басқара алмай, қар құрсауына кіріп, соның салдарынан автомашина ізімен келе жатқан тағы да 8 көлік соқтығысты.Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде барлық автокөліктер механикалық тұрғыда зақымданды. Сонымен қатар, жолаушылардың бірі дене жарақатымен Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта «Нұрсұлтан-Петропавл» автожолындағы жағдай сол қалпы қауіпті. Тас жолда 3 қар жинайтын техника жұмыс істеп жатыр.Полиция қызметкерлері автомашиналардың колонналарын алып жүруді жалғастыруда.Сондай-ақ полицейлер Алакөл ауылының жанында қар құрсауында қалған 40 автокөлікті босату мақсатында көмек.
Ақмола полицейлері ауа райы жағдайына байланысты,барлық бағыттар бойынша жолдар жабығанын ескертеді. Жүргізушілерге елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ұсынады.