Ақмола облысында 3 жасар бала терезеден құлап кетті
Ақмола облысында 3 жасар бала терезеден құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Целиноград ауданының Қосшы қаласында болған. 21 мамырда Нұр-сұлтан қаласының балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде 2019 жылы туған Қосшы қаласының тұрғыны ауруханаға жатқызылды.
Тексеру барысында осы жылдың 21 мамырында сағат 16:00 шамасында кәмелетке толмаған бала абайсызда төртінші қабаттан құлап кеткені анықталды.
Бұл кезде баланың анасы үйдің жанындағы азық-түлік дүкенінде болған.
Одан әрі тексеру барысында оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталады. Тексеру қорытындысы бойынша негіздемелер болған жағдайда ден қою шаралары қабылданатын болады. Отбасы алдын алу жүйесі органдарында есепте тұрмайды. Бұл отбасында екі бала тәрбиеленуде.
– Құрметті ата-аналар, сізден жас балалардың қауіпсіздігі туралы кезекті рет қамқорлық жасауды, балаларды терезелері ашық бөлмелерде жалғыз қалдыру жағдайларын болдырмауды, терезе жақтауларына олардың өз бетінше ашылу мүмкіндігін болдырмайтын бұғаттау құрылғыларын орнатуды, балалардың терезе алды тақтайларында бақылаусыз болу мүмкіндігін болдырмауды, балалармен түсіндіру әңгімелерін жүргізуді сұраймыз, – дейді полицейлер.