Ақмола облысында әйел дүкен кассасынан ақша ұрлап кетті
Ақмола облысында әйел дүкен кассасынан ақша ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қазанда Бурабай ауданының полиция бөліміне Щучинск қаласының 66 жастағы тұрғынынан 10 шілдеде дүкеннің кассасынан 100 мың теңге сомасында ақша ұрланғаны туралы өтініш келіп түсті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Щучинск қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты.
Дүкен сатушысы Бурабай ауданының 33 жастағы тұрғыны анасынан келіп түскен тауарларды витриналарға қоюға көмектесуін өтінген. Әйел дүкенге әпкесімен келген. Сатушы дүкеннен қысқа уақытқа шығып кеткенде анасы кассадан ақша ұрлаған.
Ұрлық фактісін дүкенде орналасқан қауіпсіздік камерасы түсірді. Кемшілікті ауысымға келген басқа сатушы байқаған.
Бұл фактіге сәйкес ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.