Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында тоқтау және тұрақ ережелерін бұзған 750 жүргізуші жауапқа тартылды

Ақмола полицейлері тоқтау және тұрақ ережелерін бұзғаны үшін 750 жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер көліктерін рұқсат етілмеген жерлерде тротуарлар мен ойын алаңдарында, жол бойында қалдыратын жағдайлар аймақ тұрғындарының наразылығын тудырып жатады. Мұндай жағдайларды ақмолалықтар “102” нөмірі бойынша немесе әлеуметтік желілер арқылы хабарлайды. Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері мұндай бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізеді.

Жыл басынан бері көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою ережелерін бұзған 750 жүргізуші ҚР ӘҚБтК 597-бабы бойынша жауапқа тартылды: 330 азамат 1-бөлік бойынша, 215 – тротуарда, гүлзарларда, көгалдарда және балалар алаңдарында тұрақ үшін, 17 адам 3-бөлік бойынша (Басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасауға әкеп соққан бұзушылық), 184 жүргізуші 4-бөлік бойынша (Мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарын тоқтатуы немесе тұраққа қоюы үшін бөлінген орындардағы тұрақ).

Ақмола полицейлері ҚР ӘҚБтК 597-бабында көзделген көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы еске салады. Баптың санкциясында 3-тен 15 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұлдар көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру