Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында биыл үй жануарларын жаю қағидаларын бұзғандарға 735 әкімшілік хаттама толтырылған

Ақмола облысының полициясы тұрғындарды әсіресе көктем-жаз мезгілінде, үй жануарларының жайылымы басталған кезде ерекше қырағылық танытуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол бойына шығып кететін жануарлар жүргізушілер үшін қауіпті. Мұны жол-көлік оқиғалары дәлелдейді.

Мәселен Екатеринбург-Алматы автожолында 44 жастағы Lexus RX-450 көлігінің жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында жүріп келе жатып, алты жылқыға соқтығысып, жол апатына тап болды.

Көлік құралына механикалық зақым келді. Тәртіп сақшылары дереу Ақкөл қаласының тұрғыны, 62 жастағы табыншыны анықтады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Абырой болғанда зардап шеккендер болған жоқ.

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін полицейлер 735 әкімшілік хаттама жасады. Мұндай жағдайлар жүргізушілер жануарларға соққы жасаған кезде жиі кездеседі.

Осыған байланысты полиция азаматтарға ескерту жол белгілері, макеттер орналасқан жерде жылдамдықты төмендету қажет екенін атап өтті. Соқтығысудан аулақ болу әрдайым мүмкін емес, әсіресе кешкі уақытта және жол тайғақ болса ЖКО орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайларда жануарларға тағылған шағылыстыратын ленталар қолдану көмектесе алатынын ескеріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру