Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері жыл басынан бері көші қон заңнамасын бұзған 506 шетелдік азаматты анықтады

Көлік полицейлері жыл басынан бері көші қон заңнамасын бұзған 506 шетелдік азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 506 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде сот шешімі бойынша елден 206 шетелдік азамат шығарылды. Қос азаматтығы бар 93 адам анықталды және олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

– Мәселен 8 сәуірде Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлері ҰҚК-нің  Ақтөбе облысы бойынша шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, Ауғанстанның бес азаматын анықтап, ұстады. Шетел азаматтары визада көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан жалтарған. Дәл сол күні Арыс станциясындағы көші-қон қызметі тобының қызметкерлері Сарыағаш станциясындағы теміржол вокзалын пысықтау кезінде біздің еліміздің аумағында заңсыз жүрген Тәжікстан Республикасының үш азаматын анықтады, – деді департамент  басшысы Б. Малыбаев. 

Ведомства басшысының айтуынша, жоғарыда аталған барлық шетел азаматтарына қатысты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар Ақтөбе және Сарыағаш қалаларындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

– Соттардың қаулыларымен шетелдік азаматтар кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасынан тысқары жерге шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ осы құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасына 5 жыл ішінде қайта кіруге шектеу қойылды, – деді полиция Б. Малыбаев. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру