Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушы 5 тәулікке қамауға алынды

Астана қаласы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері әуекомпания өкілдерінің актісімен Астана – Шымкент бағытындағы әуе рейсінен жолаушыны түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында 44 жастағы Тараз қаласының тұрғыны рейске отырғызу кезінде алкогольдік масаң күйде болып, өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтқаны анықталды. Сонымен қатар ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.

Құқық бұзушыға қатысты қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болу, ұсақ бұзақылық жасау және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау фактілері бойынша жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол 5 тәулікке қамауға алынды.

Еске саламыз, әуе және теміржол көлігі объектілерінде тәртіп қағидаларын сақтау – әрбір жолаушының міндеті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, агрессивті мінез-құлық таныту және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын елемеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру