Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында интернет-алаяқтықтың алдын алған банк қызметкерлері марапатталды

Ақмола облысының Полиция департаменті интернет-алаяқтықтың алдын алған банк қызметкерлерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып алаяқтық фактілерінің жиілеуіне байланысты, Ақмола облысының Полиция департаменті ақпараттандыру және байланыс саласында жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Азаматтарды интернет алаяқтықтың негізгі түрлері мен тәсілдері туралы ақпараттандыруға жергілікті атқарушы органдар да қатысуда, банк бөлімшелері киберқылмыстардың, оның ішінде интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Профилактикалық жұмыс оң нәтиже беруде.

Мәселен, “Қазақстан Халық Банкі” АҚ Ақмола филиалы қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылдарының арқасында интернет алаяқтықтың 7 фактісінің жолы кесілді.

14 қарашада банк қызметкерлері, аға менеджерлер: Зоя Смағұлова, Лаура Сердалинова, Наргиз Корганова, дербес сервис орталығының бастықтары: Гүлжан Мырза, Марал Жекебатыров, Данат Бралинов және “Қазақстан Халық Банкі” АҚ Ақмола филиалының директоры Дәулет Топин Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы Думан Таевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру