Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында мотоцикл жүргізушісінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

Ақмола облысында мотоцикл жүргізушісінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 тамызда Есіл ауданында «Жезқазған-Петропавл» автожолының 488 шақырымында Урал мотоцикл жүргізушісінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Полицейлердің ақпараты бойынша, бұл күні кешкі сағат 19.00 шамасында Двуречное ауылы бағытында келе жатқан мотоцикл жүргізушісі рөлді басқара алмай, кюветке түсіп кеткен. ЖКО салдарынан ауруханаға екі жолаушы – 30 жастағы ер адам және 40 жастағы әйел, сондай-ақ мотокөлік жүргізушісінің өзі жеткізілді. Зардап шеккен әйелдің денсаулығына ең ауыр дәрежедегі зиян келген.

Аталған факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру