Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында учаскелік инспектор өртенген көлікті сөндіруге көмектесті

Ақмола облысында учаскелік инспектор өртенген көлікті сөндіруге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 шілдеде 54 жастағы Щучинск қаласының тұрғыны автоәуесқой аудан орталығының автожолымен автокөлігімен жүріп келе жатып, “Караван” дүкенінің жанындағы бағдаршамның алдына тоқтаған.

Осы уақытта Бурабай АПБ учаскелік инспекторы Айдынбек Абдуллаев қарама-қарсы бағытта келе жатты. Бірнеше метр қашықтықта полиция қызметкері қала тұрғынының автокөлігінің капотының астынан өрт шығып жатқанын көріп, жарқылдауық маяктарды қосып, бірден қайғылы жағдайдың алдын алуға бет алды.

Жүргізуші мен оның жолаушысы осы уақытта қауіпсіздік мақсатында көліктен шеттетілді.

Бірнеше минут ішінде полицей жанған көлікте өртті оқшаулады, оған екі өрт сөндіргіш пен жақын маңдағы дүкеннен бірнеше литр су жұмсалды. Жанып жатқан автокөлікті сөндіруге жүргізушілердің бірі де қосылды.

Өртенген көліктің иесі учаскелік полиция инспекторына көмек көрсеткені үшін Бурбай АПБ басшылығының атына алғыс хат жолдап, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру