Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицей бронх демікпесі бар тұрғынды құтқарып қалды

Ақмола облысында полицей бронх демікпесімен ауыратын тұрғынды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Щучинск қаласының 73 жастағы тұрғыны өзін нашар сезініп, аудандық ауруханаға барды. Көлікпен жүріп келе жатып, Едомский – Әуезов көшелерінің қиылысында ол өзін нашар сезініп, жол қиылысын бағдаршамның тыйым салу белгісіне кесіп өтті.

Жақын жерде болған патрульдік полиция ротасының инспекторы Айбек Алпысбаев бұзушылықты байқап, жол жиегіне тоқтаған көліктің соңынан барды. Осы кезде полиция қызметкері жүргізушіге көмек қажет екенін түсінді. Дереу көлігінің есігін ашып, оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

– Сол сәтте не болғаны есімде жоқ. Мен тек полиция қызметкерінің ұзын бойлы екенін байқадым, бірақ оның сыртқы келбеті жадымда қалмапты. Оған өте ризамын, полиция бөліміне жеке барып, оған шын жүректен рахмет айтамын деп шештім. Егер ол болмаса, менің кейінгі өмірім қалай болатынын білмеймін, – деп атап өтті ер адам.

Тұрғын полиция бөліміне келіп, оны кім құтқарғанын нақты түсіндіре алмады, тек оның ұзын бойлы екенін атап өтті. Аудандағы ең биік полиция қызметкерінің бойы 194 см болатын Айбек Алпысбаев.

Белгілі болғандай егде жастағы ер адамда бронх демікпесі болған. Ол өзін нашар сезінгендіктен ауруханаға барған екен.

– Бағдаршамның қызыл түсіне қалай өтіп кеткенім есімде жоқ, бірақ полиция қызметкері есікті ашқанда, мен тіпті ентігуден ингаляторды алуға да күшім болмай,тек полицияға оның қалтамда екенін айтып, оны алуды өтіндім,– деп еске алады ризашылық білдірген адам.

Сол күн аға лейтенанттынң да есінде екен: “Науқас тізе бүгіп қала жаздады, мен оны әрең көтердім, әйтпесе ол бүкіл денесімен жерге құлап кетер еді. Ингаляторды қолданғаннан кейін ол әлдеқайда жақсы болды”.

– Мен мұны ерлік деп санамаймын, менің ойымша, кез-келген азамат менің орнымда осылай әрекет етер еді. Өйткені біздің мақсатымыз жазалау емес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, – деп түсіндірді Айбек Алпысбаев.

Ризашылық білдірген ер адамның айтуынша, Айбек сияқты қызметкер әрқашан бәріне үлгі болуы керек. Тек полиция қызметкері ретінде ғана емес, жақсы іс жасаған адам ретінде. Игі істер жасау қиын емес. Ол үшін ерікті немесе құтқарушы болудың қажеті жоқ. Адамдардың бір-біріне деген мейірімді қарым-қатынасы ғана әлемді жақсы жаққа өзгерте алады және барлығын бір үлкен және тату отбасына біріктіре алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру