Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті

Ақмола облысында полицейлер баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Instagram парақшада Ақмола облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Шыңғыс Қасенов пен Алмаз Абдрахмановқа алғыс жариялады. Пост абоненттің өтініш беруінен басталды, парақшада тұрғын баласы екеуіне көмек көрсеткен полицейлерге ризашылығын білдірді.

– Антоновка ауылынан Көкшетау қаласына жолға шықтық, күйеуім үйде болмағандықтан, апара алмады. Еленовкадан шыға берген кезде көлік бұзылып қалды. Баламның жағдайы өте нашар болды, біз 20 минут тұрдық, көлік іске қосылмады. Мен өтіп бара жатқан көліктерден көмек сұрауыма тура келді, бірақ ешкім тоқтамады. Біраз уақыттан кейін патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп бізге өз көмегін ұсынды, – деп айтты анасы. 

Полицейлердің айтуынша, 29 сәуір күні сағат 11:00-де олар жол жиегінде тұрған көлікті байқаған. Көліктерінің сынып, жолаушыларға көмек қажет екенін түсінген полиция қызметкерлері әйел мен баланы қызметтік көлікке отырғызып, баланы шұғыл медициналық тексеруден өткізуге ауруханаға апару керегін түсінген. Сосын өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерін тоқтатпақ болған, алайда барлық көлікте жолаушы толық болған. Полицейлер баланы өздері аурухананың қабылдау бөлмесіне апару туралы шешім қабылдайды.

– Біз үнемі адамдарға қажетті көмек көрсетеміз. Бұл біздің жұмысымыз. Біз олардан алғыс күтпейміз. Алайда алғыс білдіріп, шын жүректен рақмет айтқандары жанымызға жылулық сыйлайды. Бұл бізді бағалайтын және алғыс білдіретін үлкен сыйақы. Қазір кей адамдар ризашылық білдіруді білмейді, бәрін әдеттегідей қабылдайтын уақыт. Алайда, біз ақмолалықтардың жағдайы үшін істеп жатырмыз! Егер біз тырысатын қарапайым адамдар оны оң бағаласа, бұл екі есе жағымды болар еді.

– Бүгінде қоғамда жақсы адамдарды, көмек көрсетуге ұмтылатын адамдарды сирек кездестіресің. Полицейлер бізді шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізді. Біз өте ризамыз, сіздерге зор денсаулық тілейміз және барлық жасаған жақсылықтарыңыз үшін рақмет!, – дейді ізгі тілегін білдіруші анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру