Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полиция жоғалған қойларды тауып, иесіне қайтарды

Ақмола облысында полиция жоғалған қойларды тауып, иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында Жарқайың АПБ полиция бөлімінің кезекші бөліміне Державинск қаласының 65 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Әйел 30 қыркүйекте шамамен сағат 16:00-де үйдің ауласынан кетіп қалған 12 жоғалған қойды іздеуге көмек көрсетуді сұрады.

Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аудан орталығының көшелерін аралап, Есіл өзенінің бойындағы аумақты тексерді.

Полиция қызметкерлері жылқылар мен ұсақ малды бағумен айналысатын малшылар мен бақташылардан сұрастырды, сонымен қатар қойдың жоғалуы туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен қосымшалар арқылы таратылды.

Кешкі сағат 22:00-де Державинск қаласынан 2 шақырым қашықтықта іздестіру шараларының нәтижесінде барлық 12 қойдың басын полиция қызметкерлері тауып, иесіне қайтарып берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру