Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында қаржы пирамидасын ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізілуде

Ақмола облысында қаржы пирамидасын ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері Целиноград ауданының 28 жастағы тұрғынына қатысты қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Күдіктінің WhatsApp мессенджерінде “Өзара көмек кассасы” чатын құрып, 2019 жылғы тамыздан бастап 2021 жылғы сәуірге дейін қаржы пирамидасын басқарып, Ақмола облысы мен еліміздің басқа да өңірлері тұрғындарының ақшасын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккендер Ақмола облысының Полиция департаментіне немесе “102” нөміріне хабарласа алады.

Полицейлер азаматтардан қырағы болуды, күмәнді қаржы ұйымдарына ақша салмауды сұрайды. Егер Сіз немесе сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру